$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Балалар жылында бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 10%-ға өсті – БҒМ

Биыл алғаш рет 22 мыңнан аса баланы оқу орнына қауіпсіз тасымалдау үшін мектеп автобустарының автопаркі ауқымды түрде жаңартылады

Балалар жылында бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 10%-ға өсті – БҒМ
Фото: ашық дереккөзден

Биыл мектеп жасына дейінгі балалар үшін 34 мыңнан аса орынға 322 балабақша ашу көзделген. Жекеменшік балабақшалаларда келеңсіздіктерге жол бермеу үшін қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Балалар жылы аясындағы іс-шаралар жоспарын таныстырды. 

«Ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезектіліктің бірыңғай базасын құру жұмысы жүргізіліп жатыр. Биыл алғаш рет 22 мыңнан аса баланы оқу орнына қауіпсіз тасымалдау үшін арнайы мектеп автобустарының автопаркі ауқымды түрде жаңартылады. Балалар жылы бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту 10%-ға өсті. Биыл қазақстандық олимпиадашыларға халықаралық 7 беделді олимпиадаға қатысуға 31 толық квота бөлінді, оларға шілде-тамыз айларында балалар қатысады. Осы жылы 270 мыңнан аса бала қосымша үйірмелер мен секциялармен қамтылады. Жыл соңына дейін қамту көрсеткіші 5%-ға ұлғаяды. Жоғары оқу орнына гранттар саны 88 214-ке артты, 2021 жылмен салыстырғанда 15 мыңға көп»,- дейді вице-министр. 

Оның сөзінше биыл жазғы уақытта демалыс лагеріне 3,3 млн оқушыны қамту жоспарланған. Көрсеткіш 31%-ға артады.

Серіктес жаңалықтары