$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маймыл шешек ауруына кімдер жиі шалдығады?

Әлемде маймыл шешегі инфекциясының расталған 402 жағдайы бар

Маймыл шешек ауруына кімдер жиі шалдығады?
Фото: ашық дереккөзден

Маймыл шешегіне шалдыққандардың басым дені ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде маймыл шешегі инфекциясының расталған 402 жағдайы және 24 елде 120 болжалды дерегі бар. Бұл аурудың ДДҰ үшін эндемиялық саналмайтын бірқатар елде кенеттен бір уақытта пайда болуы «белгілі бір уақыт ішінде вирустың анықталмаған берілу жолдарының болуы мүмкін екенін көрсетеді», - делінген ДДҰ ақпараттық бюллетенінде.

«Індетке шалдыққандардың басым бөлігі - «ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар», — делінген хабарламада.

Маймыл шешегі ауруы әлем елдерінде 13 мамырдан бастап тарала бастады. Соңғы уақытта Батыс Еуропада, АҚШ-та, Канадада, БАӘ-де инфекцияны жұқтыру оқиғалары тіркелді.

Еске салайық, бұған дейін ҚазАқпарат сарапшысы «Маймыл шешегі коронавирус секілді өршіп кетуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап іздеп көрген болатын.

Серіктес жаңалықтары