$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында 10 тонна күнбағыс тиелген жүк көлігі жанып кетті

Оқиға себебі мен залал анықталып жатыр

Павлодар облысында 10 тонна күнбағыс тиелген жүк көлігі жанып кетті
Бейнеден кадр

Павлодар облысы Успенка ауылының маңында 10 тонна күнбағыс майы тиелген жүк көлігі жанып кетті. Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда тасжолда жанып жатқан автомобиль қалған көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп тұрғаны көрінеді. Сондай-ақ, жүк көлігінің жанында шөп жанып жатыр.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 28 мамырда сағат 12.06-да түскен.

"Республикалық маңызы бар Павлодар - Успенка - РФ автожолында пластик ыдысқа құйылған шамамен 10 тонна өсімдік майы тиелген 2004 жылы шығарылған Krone ZZF 18 маркалы тартқыш толығымен жанып кетті", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Өртті сөндіруге екі сағатқа жуық уақыт кетті. Сағат 13.50-де өрт толықтай жойылды.

"Жүк Новосібірден Бішкекке қарай Қазақстан шекарасы арқылы бара жатқан. Сондай-ақ, ауданы 500 шаршы метр және 4 гектар болатын екі ошақта құрғақ шөп өртенді. Өрт сағат 14.40-та сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деді ведомство өкілдері.

Оқиға себебі мен залал анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары