Жол ережесін өрескел бұзған атыраулық жігіттер айыппұл арқалады

Azattyq Rýhy

Олар өздерінің мектеп бітіргендеріне 3 жыл толғанын атап өтіп жүрген

Жол ережесін өрескел бұзған атыраулық жігіттер айыппұл арқалады
Фото ашық дереккөзден

Жол ережесін өрескел бұзған атыраулық жігіттер айыппұл арқалады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 27 мамыр күні Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алғабас ауылында орналасқан спорт мектебінің тұсында көліктің терезесінен денелерін шығарып, маневр жасау қағидаларын бұзған Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушыларын анықтады.

Тексеріс кезінде жол ережесін өрескел бұзған Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы өздерінің мектеп бітіргендеріне үш жыл болғанын атап өтіп жүргендігін айтқан. Аталған автокөліктің 20 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлімімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлімімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) әкімшілік хаттама жасақталып, 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Көліктен денесін шығарған 21 және 20 жастағы екі азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-баптың 1-бөлімімен (Жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы) әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 6 026 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.