$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауруханадан абақтыға: журналист Арыстанбек Мұхамедиұлының қамалғанын мәлімдеді

Ол 2014-2019 жылдар аралығында Мәдениет және спорт министрі болған

Ауруханадан абақтыға: журналист Арыстанбек Мұхамедиұлының қамалғанын мәлімдеді
Фото ашық дереккөзден

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны туралы мәлімдеді. Бұған дейін Антикор оның үстінен іс қозғалып, тергеу басталғанын айтқан болатын.

1,2 млрд теңгеге жасалған келісімшарттан кінарат таптық деген тергеушілер экс-министрді 146 млн теңгені қалтаға басты деп айыптап отыр. Осы ақпарат ресми жарияланысымен А.Мұхамедиұлының денсаулығы күрт нашарлап, ол ауруханадан бір-ақ шыққан. Алғашында оның суицид жасағаны туралы алып-қашпа әңгіме тарағанымен, музей директорының ресми өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ал, Михаил Козачковтың жазуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханадан емделіп шығып, үйіне барған кезде оны Антикор мамандары алып кетіп, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Серіктес жаңалықтары