$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Төрт айда 20 мың қылмыс: Қазақстанда ең көп тәртіп бұзатындар кімдер

Қылмыс жасағандардың басым бөлігі Алматы облысында тіркелген

Төрт айда 20 мың қылмыс: Қазақстанда ең көп тәртіп бұзатындар кімдер
Фото: ia-centr.ru

Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 20 мыңға жуық адам қылмыстық құқықбұзушылық жасаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,9%-ға аз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

«Қылмыскерлер арасында 3,8 мың адам – қылмыстық құқықбұзушылық, 7,2 мың адам – орташа ауырлықтағы қылмыс, 5,4 мың адам – ауыр қылмыс, 3,1 мың адам – ұсақ қылмыс, 459 адам аса ауыр қылмыстар жасаған», - дейді статистика мәліметтері.

Салыстыру үшін айта кетсек, 2020 жылдың осы кезеңінде 20,4 мың адам қылмыстық құқықбұзушылықпен ұсталған. Бұл осы тәріздес қылмыстардың бір жылда 25,6% азайғанын көрсеттеді.

«Өңірлік тұрғыдан алып қарасақ, қылмыс жасағандардың басым бөлігі Алматы облысында тіркелген: 2,4 мың адам – бұл бір жыл бұрынғыдан 0,5%-ға аз көрсеткіш. Антилидер үштігінің қатарына сондай-ақ, Алматы (2,3 мың адам, 5,8% аз) мен Нұр-Сұлтан (1,7 мың адам, 8,5% көп) қалалары енді», - делінген ақпаратта.

Қылмыскерлердің ең азы Қызылорда облысында – 436 адам тіркелген, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 466 адамға аз көрсеткіш.

Қылмыскерлер саны бір жыл бұрынғыға қарағанда Солтүстік Қазақстан облысында (10,9%-ға, яғни 801 адамға көп) көбейген. Ал Жамбыл облысында (15,2%-ға, 832 адамға аз) біршама азайғаны байқалады.

20 мың құқық бұзушының 18,5 мыңы – Қазақстан Республикасының азаматтары, 464-і – ТМД азаматтары, 69-ы – ТМД құрамына кірмейтін елдердің азаматтары. Қылмыскерлердің басым көпшілігі ерлер (17,5 мың адам) болған. Тәртіп бұзушылар арасында әйелдердің саны 2,5 мың адамды құраған. Құқық бұзушылардың 454-і – кәмелетке толмағандар.

«Сондай-ақ қылмыс жасағандардың 79,2 пайызы, яғни 15,8 мыңы – жұмыссыздар. Олардың саны бір жыл ішінде 3,3%-ға азайған. Тағы 1,4 мың тәртіп бұзушы – қарапайым жұмысшылар, 381-і – мемлекеттік қызметкерлер, 339 адам – студенттер, 261 адам – жеке кәсіпкерлер», - делінген статистикада.

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында көбінесе меншікке қарсы қылмыстар жасалған. Дегенмен бір жыл бұрынғыға қарағанда мұндай қылмыстар саны 3,2%-ға аз тіркелген. Бұл сегментте көбінесе ұрлық, алаяқтық, ұсақ ұрлық, тонау, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп кету немесе жұмсап тастау, автокөлікті немесе басқа көлік құралын рұқсатсыз пайдалану деректері тіркелген.

Қылмыскерлер арасында әсіресе жеке тұлғаға қарсы қылмыстар (1,7 мың адам, былтырдан 6,6% аз) және көліктік қылмыстық құқықбұзушылықтар (1,4 мың адам, былтырдан 5,6% көп) көп жасалады.

Серіктес жаңалықтары