28.01.2020, 11:33
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда екінші ауысымда оқитын оқушылар үшін сабақ болмайды
Сабақтар ауа райының нашарлауына байланысты тоқтатылды
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысының бірнеше қаласында екінші ауысымда оқитын оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттері үшін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі жергілікті білім басқармаларының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«28 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары үшін және 1-2 курс колледж студенттері үшін сабақ болмайды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының таратқан ақпаратында.
Қарағандыда да ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы