28.01.2020, 11:21
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда үш мектепте карантин жарияланды
Бұған дейін қаладағы екі мектепте карантин жарияланған
Фото: ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстандағы Алтай қаласында 582 оқушы жедел респираторлық-вирустық инфекциясын (ЖРВИ) жұқтырған, - деп хабарлайды YK-news.kz.
28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында №1 бастауыш мектебі мен №9, №11 мектептерде карантин жарияланды.
Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметі бойынша, оқу орнында балалардың 30 пайызы сырқаттанса, карантин жарияланады.
Алтайда барлығы сегіз мектеп бар, оның екеуі бастауыш мектептер.
25-31 қаңтар аралығында қаладағы №6 және №8 мектептерде карантин жарияланғанын айта кетейік.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)