$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жүздеген ескі үйлер бұзылады – ИИДМ

Елімізде апатта деп танылған 788 үй бар

Қазақстанда жүздеген ескі үйлер бұзылады – ИИДМ
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 2,8 мың ескі үй тіркелген. Бұл туралы Azattyq Rýhy LS агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 788 үй апатты деп танылды.

Министрлiктiң ақпаратынша, ескі үйлердің көпшілігі Алматыда тіркелген – 1,4 мың бірлік, Қарағанды облысында – 552, Батыс Қазақстан облысында – 409 бірлік.

2022 жылдан 2025 жылға дейін елімізде реновация бағдарламасы аясында 251 үйді бұзу жоспарланған: 2022 жылы – 25 үй, 2023 жылы – 50 үй, 2024 жылы – 75 үй, 2025 жылы – 101 үй.

Оның ішінде биылғы жылы:

- Ақтөбе облысында – бір үй;

- Алматы облысында – екі үй;

- Атырау облысында – үш үй;

- Шығыс Қазақстан облысында – екі үй;

- Батыс Қазақстан облысында – екі үй;

- Қарағанды облысында – бір үй;

- Қызылорда облысында – бір үй;

- Павлодар облысында – бір үй;

- Солтүстік Қазақстан облысында – бір үй;

- Нұр-Сұлтанда – тоғыз үй;

- Шымкентте – екі үй.

Министрлiкте жаңарту бағдарламасы аясында авариялық тұрғын үйлерді бұзып және сол жерден азаматтарды көшіру арқылы қалалардың ескі кварталдарын кешенді қайта құру көзделетiнi атап өтілді. Бұл процесте іске асыру тетігі мен өлшемдері, оның ішінде меншік иелеріне өтеу тәртібі мен шарттары белгіленетін болады.

Қаржыландыру жергілікті бюджет және өзге де жеке инвестицияларды тарту, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері, екінші деңгейдегі банк қарыздары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын тарту арқылы есебінен жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары