$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанға АҚШ үкіметінің делегациясы келеді

Қазақстанда ел билігі дайындап жатқан реформалардың күн тәртібін талқылау жоспарланып отыр

Қазақстанға АҚШ үкіметінің делегациясы келеді
Фото: ашық дереккөзден

23-27 мамыр аралығында АҚШ әкімшілігінің ведомствоаралық делегациясы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерін аралайды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметіне мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Делегацияны АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу басқарады. Оның құрамына Ресей және Орталық Азия бойынша Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің аға директоры Эрик Грин, Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық даму агенттігінің (USAID) жоғары лауазымды тұлғалары кіреді.

Америкалықтар төрт елдің билік, азаматтық қоғам және іскер топ өкілдерімен кездеседі.

Келіссөздер барысында қауіпсіздік саласындағы экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл, «ортақ құндылықтарды» қолдау, жергілікті мәдениет, әйелдер құқығы, азық-түлік қауіпсіздігі, Ауғанстаннан келген босқындарға көмек көрсету мәселелері талқыланады.

Қазақстанда ел билігі дайындап жатқан реформалардың күн тәртібін талқылау жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары