Министрлік төлқұжатқа неліктен чип қойылатынын түсіндірді

Azattyq Rýhy

ҚР ІІМ өкілі әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты түсінік берді

Министрлік төлқұжатқа неліктен чип қойылатынын түсіндірді
Фото: gov.kz

Көші-қон қызметі қазақстандық төлқұжатта чиптің қандай мақсатта қойылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты түсінік берді. Бейнежазбада паспорттағы чиптің азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға арналғаны айтылады.

«Электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елдерінде енгізілген. Қазақстанда төлқұжаттар мен микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген», - деді ІІМ өкілі арнайы баспасөз мәслихатында.

Ведомство өкілі сондай-ақ төлқұжаттағы чип азамат шекарадан өткен кезде ғана арнайы құрылғының көмегімен тексерілетіні айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.