Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірде үсік жүреді

Azattyq Rýhy

Қазақстан бойынша жауын-шашынды ауа райы сақталады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірде үсік жүреді
Фото: gismeteo.ru

Синоптиктер 23 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy хабарлайды.

«Солтүстік-батыс циклонның әсерінен жаңбыр жауады, елдің батысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел, республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында топырақ бетінде үсік жүреді», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Батыс Қазақстан облысында солтүстік-батысында, солтүстік-шығында найзағай, бұршақ, дауыл б, күндоладыіз батысында, солтүстік-шығысында жел күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Атырау облысының басым бөлігінде түнде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, оңтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының күндіз басым бөлігінде шаңды дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай болады, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, солтүстігінде, облыстың орталығында екпіні 25 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Қостанай облысында солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады, солтүстігінде, облыстың оңтүстігінде жел жылдамдығы 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында найзағай, күндіз дауыл, бұршақ болады, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды, түнде солтүстікте, батыста, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы облысында түнде оңтүстікте, шығыста және таулы, тау бөктерінде, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл облысында таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл болады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының тауларында найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.