21.05.2022, 16:52
Жаңалықтар
Шымкентегі жарылыс. Денсаулық сақтау басқармасы нәресте шетінегенін хабарлады
Шетінеген нәресте 18 күн бұрын дүниеге келген, салмағы небәрі 790 грамм болған
фото: akspic.ru
Бүгін Шымкент қаласында болған жойқын жарылыс салдарынан туғанына 3-ақ апта толған нәресте көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда жарылыс болған уақытта №1 облыстық перинаталдық орталықта 189 пациент пен 65 қызметкер болған.
Жарылыс салдарынан орталықтың күзетшісі және 1 нәресте көз жұмды.
«Шетінеген сәби 18 күн бұрын туған. Салмағы 790 грамм еді. Жарақат алған 8 адам қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды», - деп көрсетті Денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, жарылыс болған ғимарат «Межбольничная 138 дәріхана» ЖШС-іне тиесілі. Ғимараттың перинаталдық орталыққа қатысы жоқ.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді