21.05.2022, 16:04
Жаңалықтар
Каспий жағалауынан жер беруді талап еткен Антикордың жалған қызметкері ұсталды
Күдікті Ақтау қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды
фото: antikor.kaz
Каспий жағалауынан жер беруді талап еткен Антикордың жалған қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор қызметкері деп таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Каримовты ұстады», - делінген хабарламада.
Каримовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Каримов бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.
Осыған ұқсас фактілер бойынша ақпарат болған жағдайда Антикорупция қызметіне 1424 нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Көп оқылған
16.09.2026, 06:14
Алматыда прокурордың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады: полиция ресми түсініктеме берді
16.09.2026, 12:32
«Боди массаж жасайды»: экс-әйеліне маза бермеген Нұрсұлтан Жақсыген ақыры сотталып тынды
Бүгін, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
16.09.2026, 22:09
Астанада BMW жүргізушісі дрифт жасаймын деп бағанаға соғылды (ВИДЕО)
16.09.2026, 09:58
Елена Рыбакина биыл турнирлерден қанша табыс тапты