$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

Ерден Әріпов 1963 жылы Алматы облысында дүниеге келген

Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ерден Әріповті қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сіздердің қарауыңызға Ерден Рауанұлы Әріповті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр. Президент Жарлығымен Ерден Рауанұлы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Құрметті депутаттар, Мемлекет басшысының ұсынысын қолдауды сұраймын», - деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Палата депутаттары осы ұсынысқа қолдау білдіріп, судьяны қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Ерден Әріпов 1963 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша заңгер.

 
Серіктес жаңалықтары