Нұр-Сұлтанда мәдени ойын-сауық қызметтерінің платформасы іске қосылды

Azattyq Rýhy

Ол елорда тұрғындары мен қонақтарына бос уақытын тиімді өткізуге арналған орынды тез әрі оңай табуға мүмкіндік береді

Нұр-Сұлтанда мәдени ойын-сауық қызметтерінің платформасы іске қосылды
Фото: ашық дереккөзден

Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін visitnursultan.kz порталында барлық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде спорттық іс-шараларды, спектакльдерді, концерттерді, киноафишаларды, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру пунктерін және туристік маршруттарды біріктіруге арналған цифрлық сервис жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Visitnursultan.kz порталы елорда тұрғындары мен қонақтарына бос уақытын тиімді өткізуге арналған орынды тез әрі оңай табуға, сол сияқты қажет билетті онлайн сатып алуға мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тиісті ұйымдарды visitnursultan.kz платформасында өз қызметін біріктіру үшін ынтымақтастық орнатуға шақырады. Платформаға қатысушы компаниялар көбірек клиент тарта алады және олардың танымалдығын арттырып, қызметтерін жақсартады.

«Visitnursultan.kz платформасында іс-шараларды орналастыру жөніндегі талаптармен танысу үшін 8 702 555 59 92 нөміріне хабарласуды сұраймыз», – делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.