$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздегі автосалондарда көлік жеткілікті ме?

4 пайыздық автонесие зейнеткерлерге берілмейді

Еліміздегі автосалондарда көлік жеткілікті ме?
Фото ашық дереккөзден

Қазір автосалондарда көлік жеткілікті, тапшылық жоқ. Жыл аяғына дейін бүкіл елдегі автосалондарға тағы да отандық көліктер жеткізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл туралы «Қазақстан автобизнес қауымдастығының» өкілі Анар Мақашева мәлімдеді.

«Былтыр біздің Hyundai Trans Kazakhstan және «СарыарқаАвтоПром» дейтін екі өндірушіміз жалпы көлемде 90 мыңдай көлік өндірген болатын. Биыл өндіріс көлемі 20 пайыз өседі деген болжам бар. Сонда жыл аяғына дейін Қазақстан қалаларындағы автосалондардың бәрінде көлік болады деп топшылап отырмыз.

Қазір әрбір автоөндіруші өздері электронды кезек түзіп жатыр. 4 пайыздық несие алушы Қазақстан аумағындағы автосалондарға келіп, таңдай алады. Яғни адам өзі сатып алғысы келетін көлікті таңдайды. Содан кейін таңдалған көлік қашан дайын болатынын айтады. Ай сайын өндірістен автосалондарға келіп түсетін көліктер сол тұтынушылардың VIN-код көрсетілген есептесу парағы бойынша үлестіріледі. Бұл ереже бүкіл автосалондарға ортақ», - деді Анар Мақашева.

Ал «Центр Кредит» банкінің өкілі Гүлжаһан Хамитованың айтуынша 4 пайыздық автонесие зейнеткерлерге берілмейді.

Серіктес жаңалықтары