Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылғаннан кейін көлік бағасы қымбаттай ма

Көлік бағасына қатысты барлық ақпарат ашық. Сайтта көлік бағасы жазылған

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылғаннан кейін көлік бағасы қымбаттай ма
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Бүгін жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы басталды. Бұл бағдарлама елдегі автонарықтың бағасына әсер етпей ме? Бұл сауалға Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Анар Мақашеваның айтуынша, жаңа бағдарлама көлік құнының қымбаттап кетуіне еш әсер етпейді. Бұл ретте, несиеге алатындар мен қолма-қол ақшаға көлік алатындар үшін баға бірдей.

«Көлік бағасына қатысты барлық ақпарат ашық. Сайтта көлік бағасы жазылған. Егер автокөлік бағасы қымбаттаған болса, оның белгілі бір себептері болуы мүмкін. Бұл туралы автосалондар ресми түрде түсініктеме беруге міндетті. Бағаның өзгергені көлік сатып алушының қандай жиынтық түрін таңдайтынына байланысты болады. Ал аталған бағдарламаның бағаға әсері болмайды», - дейді Анар Мақашева.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу жөніндегі директоры Ербол Сейпіловтің сөзінше, автодилерлердің қазіргі жаппай көлік алу кезіндегі дүрлікпені тиімді пайдаланып, бағаны негізсіз көтеріп жіберуі дұрыс емес.

«Бөлінген қаражат толығымен сатылымдағы көліктердің 10 пайызы ғана екенін ескерсек, бағдарлама нарыққа айтарлықтай әсер етпеуі тиіс»,- дейді  Ербол Сейпилов.

Таяуда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында көлік бағасы министрліктің қадағалауында болады деп сендірген болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.