Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны рас па

Бірнеше БАҚ бұрынғы Мәдениет және спорт министрінің өз-өзіне қол жұмсауға әрекет еткені туралы ақпарат таратты

Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны рас па
Фото ашық дереккөзден

Бүгін, 2022 жылдың 16 мамырында бұрынғы министр, қазір Ұлттық музей директоры лауазымында отырған Арыстанбек Мұхамедиұлының өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алайда тілшіміздің телефон қоңырауына жауап берген музейдің баспасөз хатшысы бұл мәлімет жалған екенін айтты.

«Бұл шындыққа жанаспайды, ол кісінің парақшасында бүкіл ақпарат бар», - деді ол.

Дегенмен Арыстанбек Мұхамедиұлының әлеуметтік желідегі парақшасында суицидке қатысты емес, ол кісінің тергеуге тап болғаны туралы, өзінің ар-ожданы таза екені жайлы ғана видеоүндеу жарияланған.

Ал бұл ақпарат жазылып жатқанда өзге ақпарат құралдары Арыстанбек Мұхамедиұлының үйінде тінтеу басталғанын хабарлады. Azattyq Rýhy осы мәселеге қатысты құзырлы органдардан ақпарат сұратты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.