Қазақстанда жеңілдетілген автонесие берілетін күн белгілі болды

Azattyq Rýhy

Жеңілдетілген автонесие екінші деңгейлі банктер жылдық 4 пайызбен беріледі

Фото: ашық дереккөзден

Барлық корпоративтік рәсімдер аяқталғаннан кейін 16 мамырдан бастап екінші деңгейлі банктер жылдық 4 пайызбен жеңілдетілген автонесие бере бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы машина жасаушылардың халықаралық форумы аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті.

«Кешеден бері банктер өздерінің корпоративті рәсімдерін, директорлар кеңесінің отырыстарын өткізіп жатыр. Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен барлық қажет келісімдерді бекітті. Енді олар тиісті рәсімдердени кейін дүйсенбіден несиені бере бастайды. Берген уәделеріне қарағанда, барлық жұмыстар дүйсенбі күні іске асырылады  Бұрын осы несиелеу бағдарламасын жүзеге асырған екінші деңгейлі бес банк қазақстандықтарға несие беруді жалғастырады», - деді Роман Скляр.

Роман Склярдың айтуынша, дилерлерді тексеруге Сауда және интеграция министрлігі мен MIIR қызметкерлері жауапты болады. Ал жоғары баға метал бағасының өсуіне және дүние жүзінде жартылай өткізгіштердің тапшылығына байланысты.

Оқи отырыңыз: Сапасыз үйлер, баспана бағасы, 4%-дық автонесие: министр Өскенбаевпен сұхбат

«Несие беру бағдарламасы қазіргі кезде де жұмыс істеп тұр. Револьверлік негізде 88 млрд теңге бар және бұл қаражат айналымда. Бұл бағдарлама бойынша соңғы бес жыл бойы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда «ӨКМ Операторынан» аударылатын 100 млрд теңгені қосамыз», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Айта кетерлігі, қазақстандықтар көлік бағасының қымбаттығына, олардың тапшылығына шағымданып жүр. Көптеген сатып алушылар кезекке тұру үшін көліктерін алты ай күтуге немесе дилерлерге пара беруге мәжбүр. Сондай-ақ көптеген дилерлер сатып алушыларды қажетсіз қымбат опцияларды алуға мәжбүрлеп жатады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.