$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте үшем дүниеге келді

Жыл басынан бері Шымкентте 10 649 сәби дүние есігін ашқан

Шымкентте үшем дүниеге келді

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Дәрігерлер алтын құрсақты анасы мен сәбилердің жағдайы қалыпты екенін жеткізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үшем 24 сәуір күні дүниеге келген. Дәрігерлер Гүлмира Юсуповаға жүктіліктің 35-ші аптасында ота жасап, кесір тілігі арқылы босандырып алған. Бүгін қалалық перинаталдық орталық ұжымының дәрігерлері үш сәби мен анасын перзентханадан шығарып салды.

Мамандардың айтуынша Айсұлтан, Әлия және Сәфия есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Балалардың салмағы 2000-2470 грамм арылығында болса, бойы 40-42 сантимерден.

Перзентханада 3 аптаға жуық уақыт болған нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған. 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Гүлмира Юсупова бірден сегіз баланың анасы атанды. Ол өзінің жүкті екенін білгенде бірден екі қыз бен ұлды дүниеге әкелетінін білмегенін айтады.

Жыл басынан бері Шымкентте 10 649 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5165-і қыз болса, 5484-і ұл бала.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Шымкент #үшем