12.05.2022, 17:26
Жаңалықтар
Түркістанда бір жасар сәби дәретхананың құдығына түсіп кетті
Құтқару жұмысына облыстық ТЖД-ның 5 қызметкері жұмылдырылды
Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында 2021 жылы туған сәби көшедегі дәретхананың құдығына түсіп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Elitar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сәбиді 4 метр тереңдіктен шығарып алу жұмысына облыстық ТЖД-ның 5 қызметкері, 2 полицей, 3 дәрігер атсалысты.
Сағат 15: 03-те құтқарушылар құтқару арқанының көмегімен баланы шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Өз кезегінде ақхалаттылар сәбиді тексеріп, денсаулығына төніп тұрған қауіп болмаған соң үйіне жіберді.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
