Шымкентте тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті қолға түсті
Қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр
Шымкентте ұрлық жасағаны үшін тергеу изоляторына түскен күдікті қашып кетіп, көп ұзамай қолға түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, ол бір күннен кейін қалада ұсталды. Ол мұнай-газ құбырынан ұрлық жасаған, енді түзеу мекемесінен қашып кетті деп айыпталып отыр.
«12 мамырда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қашып кеткен азаматты Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және облыстық ІІД жедел уәкілдері ұстады», – деп хабарлады Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері.
Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.