Мемлекет басшысының іссапар барысын суретке және видеоға кімдер түсіреді

Azattyq Rýhy

Президенттің баспасөз қызметі кәсіби мамандар тобын таныстырды

Мемлекет басшысының іссапар барысын суретке және видеоға кімдер түсіреді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желілердегі оқырмандардың өтініші бойынша фото және видеоматериалдар әзірлейтін мамандарды таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қас-қағым сәтті қалт жібермейтін, Президенттің жеке фотографы – Аманқұл Дүйсенбаев. 1988 жылы дүниеге келген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен Парламент Сенатының төрағасы кезінен, яғни 2007 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді.

Тағы бір жеке фотограф – Ғани Өмірбеков. Ол 1987 жылы туған. Ғанидың ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде жұмыс істегеніне 3 жылға жуық уақыт болды», - деп жазады БОРТ N1 Телеграм-каналы.

Сондай-ақ Қазақстан Президентінің Түркияға мемлекеттік сапары кезінде әлеуметтік желілердегі парақшаларда таралған видеоларды Ғабиден Құрышбеков есімді азамат жасаған.

«Ғабиден Құрышбеков 1994 жылы дүниеге келген. Ғабиденнің баспасөз қызметінде жаңа форматтағы аса жауапты жұмысты бастағанына көп уақыт өткен жоқ.

Алдағы уақытта біздің осы үш әріптесіміздің әсерлі фотолары мен видеоларын қалт жібермей, бөлісе жүріңіздер», - деп жазды Президентттің баспасөз қызметінің өкілдері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.