Түркістандағы ескек есу каналына су жіберілді

Azattyq Rýhy

Қазір мұнда 250 мың текше метр су жиналған

фото: www.gov.kz

Түркістанда құрылысы жүріп жатқан ескек есу базасына сынақтан өткізу үшін су жіберіле бастады. Осы арқылы мамандар каналды толық сараптап, кем-кетіктері болса, толықтырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған нысанға барып, жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі таңда жер жұмыстары жүргізілген. Беткейлерінің бетондау жұмыстары да аяқталып келеді. Арнайы құбырлары мен арықтары орнатылды. Су келетін каналдар дайын. Қазір 250 мың текше метр су жиналған, нысан су қабылдауға дайын.

«Бұл – өте ауқымды жоба. Спорт кешендері бар есу каналы өңірде су спортын дамытып қана қоймай, туризмнің гүлденуіне де үлес қосады. Екіншіден, қаланы көгалдандыру, атмосферасын өзгертуде де каналдағы судың маңызы зор», – деді Өмірзақ Шөкеев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.