Отанымыздың тарихи жылнамасына жарқын және батырлық сәттер жазылуда - Қорғаныс министрі

Azattyq Rýhy
Отанымыздың тарихи жылнамасына жарқын және батырлық сәттер жазылуда - Қорғаныс министрі
фото: massaget.kz

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов сарбаздар, сержанттар, офицерлер мен генералдарды және ардагерлерді Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы атынан және жеке өз атымнан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жылдығын және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге орай шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Қарулы Күштердің құрылысына, әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз етуге, бағыныстыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге біздің әскери қызметшілеріміз, әрине, сондай-ақ Қазақстан армиясын құрудың бастауында болған ардагерлер үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Қарулы Күштердің әскери қызметшілерімен Отанымыздың тарихи жылнамасына көптеген жарқын және батырлық сәттер жазылуда.

Жеке құрам алға қойылған міндеттерді шешу үшін өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен іскерлігін алдағы уақытта да сала беретініне, әскери борышын орындауда әрқашан үлгі болатынына, аға буын қазақстандық жауынгерлердің жауынгерлік дәстүрлерін нығайтып, көбейтетініне сенімдімін!

Ардагерлердің беделі, өмірлік тәжірибесі, жауынгерлік шынығуы мен рухани әлеуеті маңызды құндылыққа ие, бұрынғысынша сұранысқа ие және лайықты қолданыс табуда. Сіздердің көпшілігіңіз бүгінгі күнге дейін офицерлердің жас буынына өздерінің бай әскери тәжірибесін беріп, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге қатысудасыз.

Қарулы Күштердің барлық жеке құрамына, ардагерлерге, азаматтық персоналға Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін зор денсаулық, қызметте және еңбекте табыстар, отбасы берекесін тілеймін.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.