$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қадағалау бойынша пилоттық жоба басталды

Енді ақпараттық жүйеде тиісті шот-фактура шығарылады

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қадағалау бойынша пилоттық жоба басталды
фото: www.gov.kz

Мемлекеттік кірістер комитетінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және тас көмірді бақылау бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Енді қатысушылар Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіндегі электрондық шот-фактураны жазып беруі тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Инфляцияның өсуіне, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы бекітілді.  Жаңа қағидалар 2022 жылғы 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі», делінген Мемлекеттік кірістер комитерінің хабарламасында.

Осы бұйрықпен 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін тізбеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен көмірді өткізу кезінде электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салық төлеушілердің міндетін енгізу бөлігінде пилоттық жобасын іске асыру көзделеді.

Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген тауарларды бөлшек саудада өткізер кезде жеке тұлғаларға ЭШФ жазудың қажеті жоқ.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінемыналар жатады:

бірінші сортты бидай ұны;

бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) ;

 рожки (өлшеніп салынатын);

қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын);

тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);

картоп, асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат;

ақ қант – құмшекер;

күнбағыс майы;

сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);

тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);

пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада;

майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада;

сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);

тауық жұмыртқасы (I санатты);

аc тұзы ("Экстра" -дан басқа);

 сүзбе: майлылығы 5-9%

Серіктес жаңалықтары