Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау басталды

Azattyq Rýhy

ҰБТ 16 мамыр - 30 маусым аралығында өтеді

фото: 24.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу app.testcenter.kz сайты арқылы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр - 30 маусым аралығында өтеді деп жоспарланған Биылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге», деп көрсетті Ұлттық тестілеу орталығы.

ҰБТ-ға тіркелу кезінде талапкер тестілеуден өту орнын, күнін және уақытын өзі таңдайды. Аталған кезеңде тестілеуді 2 рет тапсыра алады және ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады.

Бұл ҰБТ-ға орта білім беру ұйымдарының 2022 жылғы түлектері; орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері; жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері; ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар; ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар қатыса алады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.