Республикалық бюджет шығыны биыл 23,6%-ға өседі – Ұлттық банк
Шығыстардың ұлғаюы Ұлттық қордың белсенді жұмсалуына байланысты болып отыр

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі алдағы уақытта 2,1%-ға өседі. Бұл туралы брифинг барысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Экономиканың оң динамикасын ескерсек, алдағы кезеңдерде инфляцияға қарсы қысымды күшейтетін фискалдық саясат арқылы сұранысты қосымша ынталандыру жоспарланып отыр. Республикалық бюджет шығыстары 2022 жылы 23,6%-ға, орташа өсу қарқыны сақталса алдағы үш жылда 16,7% өседі», - деді Ғалымжан Пірматов.
Ұлтық банк төрағасы шығыстардың ұлғаюы негізінен Ұлттық қордың белсенді жұмсалуына байланысты екенін түсіндірді. Оның айтуынша, биылғы жылы трансферттерді 4,6 трлн теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл көлем көлемі жағынан ЖІӨ-нің 2,5%-ға төмендеуі тіркелген 2020 жылы дағдарысқа қарсы шаралардың пандемиялық пакетімен салыстыруға болады.
«Осылайша, экономикадағы оң серпін сақталады, бұл биыл да, 2023 жылы да инфляциялық қысым әсерін сақтайды. Бұл ретте, республикалық бюджет тапшылығын Ұлттық қордың активтерi есебiнен қаржыландыру валюта бағамына қолайлы әсер етедi, бiрақ импортқа сұраныстың артуына және фискалдық жүйенiң әлсiреуiне әкеп соғады деген болжам бар», - деді Ғ. Пірматов.