Енді қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлер мен әртістер жазаға тартылады
Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстандағы қаржы пирамидаларына қатысты мәселе жайында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қаржы пирамидалары еліміздің барлық аймағында үлкен проблема туындатып отыр. Жұрт танымал вайнерлердің, әнші-әртістердің, қоғамда сөзі өтетін белсенділердің жарнамасына қатты сенеді. Жұрттың соңғы ақшасын қаржы пирамидасына салудың соңы немен ақталатынын көріп жатырмыз», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Мәжіліс спикері тиісті заң жобасы қазірдің өзінде әзірленіп болғанын, таяу арада қабылданатынын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: «Намазхан болғаны үшін сендік»: Алматыда қаржы пирамидасына алданғандардың алды 85 млн, ең азы 700 мың теңге ақша салған
«Жақын уақытта заң жобасын қабылдаймыз деп ойлаймын. Алаяқтық схема екенін біле тұра қаржы пирамидаларын жарнамалап жүрген вайнерлер мен әртістердің әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеп жатырмыз», - деп атап өтті Е. Қошанов.