$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

E-Salyq Business қосымшасы салық рәсімдерін жеңілдетті

Мобильді қосымша 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ел аумағында қолданысқа енгізілді

 

 
E-Salyq Business қосымшасы салық рәсімдерін жеңілдетті
Фото: ortcom.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті E-Salyq Business мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қосымшаны әзірлеудегі негізгі мақсат – Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету туралы тапсырмасын орындау. Ол 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ел аумағында қолданысқа енгізілді. Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады. Бүгінгі таңда қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда.

«E-Salyq Business мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті. Мобильді қосымшаның функционалы: жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге; кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге; қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге; салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге; жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге; оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан); кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді.

Одан бөлек, E-Salyq Business-те ыңғайлы сервистер әзірленуде. Олардың көмегімен салық органдарының жіберген хабарламасын алуға; бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге; артық не қате төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады. Сондай-ақ бірқатар анықтаманы да алу мүмкіндігі бар. Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, оның және оның жұмысшыларының табысы туралы анықтамаларды ала аласыз. Бұлардың барлығы талап етілген жерге ұсынуға арналған», - деді спикер. 

Осылайша, мобильді қосымшада жеке кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың барлық өмірлік циклі қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары