Медициналық сақтандыру қорындағы қаражат дәрігерлердің жалақысын арттыруға жетпей отыр – депутат

Azattyq Rýhy

Президент жыл басында дәрігерлердің жалақысын 30%-ға арттыру жөнінде тапсырма берген

Медициналық сақтандыру қорындағы қаражат дәрігерлердің жалақысын арттыруға жетпей отыр – депутат

Медицина қызметкеріне санаттары бойынша ақы төлеу мәселесі әлі шешілген жоқ. Бұл туралы Мәжілісте депутат Гүлдара Нұрымова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оның айтуынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен медициналық мекемелер арасында жыл басында келісімшарт жасалады. Бірақ жаңа тарифтер тек сәуірде белгіленеді.

«Осының нәтижесінде кейбір медицина ұжымдары артық қызмет етсе, ол өтелмейді. Бұл медициналық мекеменің басым көпшілігіне үлкен зиян әкеледі. Президент медицина саласының қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға арттыру жөнінде тапсырма берді. Бірақ тариф қайшылығына байланысты бұл тапсырма толық орындалмай отыр. Өйткені барлық ауыртпалық медицина мекемесіне жүктелген. Мекеменің өзін дамытуға аз қаражат қалады»,− дейді депутат.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.