26.04.2022, 15:59
Жаңалықтар
Ерлан Қошанов AMANAT партиясының төрағасы болып сайланды
Дауыс бергендер Мәжіліс спикерінің кандидатурасын бірауыздан қолдады
Фото: Ақорда
AMANAT партиясы XXIII Съезінің делегаттары ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты партия төрағасы етіп сайлау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов съез делегаттарына ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ерлан Қошановты партия төрағалығына сайлау туралы ұсынысына дауыс беруді ұсынды.
Дауыс бергендер Мәжіліс спикерінің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
«Құрметті Ерлан Жақанұлы, сізді барлық делегаттар атынан AMANAT партиясының төрағасы болып сайлануыңызбен құттықтаймыз», - деді Асхат Оралов.
Айта кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр