ADAL партиясы AMANAT партиясының құрамына енді

Azattyq Rýhy

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр

ADAL партиясы AMANAT партиясының құрамына енді. Делегаттар партиялардың бірігуін жақтап дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тұтастай алғанда, партия алаңында өзгерістер орын алып жатқанын көріп отырмыз. Басталған өзгерістердің жарқын көрсеткіші – ADAL  партиясының AMANAT партиясымен бірігу бастамасы», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл маңызды қадам AMANAT партиясын жаңғыртып, күшейте түсуге септігін тигізетінін айтты.

«Жаңа Қазақстанды құрамыз десек – елге жанашыр, қоғамдық саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан ADAL партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын. ADAL - өз жақтастары бар, қалыптасқан партия. Саяси бәсеке артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұның айрықша мәні зор. Осы маңызды қадам AMANAT партиясын жаңғыртып, күшейте түсуге септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.