Қазақ хандары туралы тарихи аудиожоба жарыққа шықты

Azattyq Rýhy

Эксклюзивті тарихи подкаст 10 бөліктен тұрады

Қазақ хандары туралы тарихи аудиожоба жарыққа шықты

Қазақ хандарына туралы тарихи аудиожоба жарыққа шықты. KhanCast бағдарламасын Megogo мобильді қосымшасы арқылы тыңдауға болады, деп хабарлады Elorda.info.

Эксклюзивті тарихи подкаст 10 бөліктен тұрады және Керей хан, Жәнібек хан, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан сияқты хандар туралы баяндайды. Әр бөлік тек Қазақ хандығының билеушісіне ғана емес, сонымен бірге тарихтағы белгілі бір кезеңге арналған.

Идея авторы және подкасттың продюсері – Елдар Құдайбергенов. Жүргізушісі мен редакторы – Айым Тлепберген. 

"KhanCast подкасты – тыңдаушыға еліміздің тарихи кезеңдерін еске түсіріп қана қоймай, халқымыздың тереңдігін, батылдығы мен бірегейлігін де көруге мүмкіндік береді. Өйткені, өткен кезеңдегі әрбір кезең-қазіргі Қазақстанның негізі. Бұл аудио жоба кәсіби тарихшылармен бірге нақты зерттеу болып табылады, нәтижесінде көптеген керемет фактілер келтірілген", – деді Орталық Азиядағы Megogo директоры Нұрлан Чукубаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.