24.04.2022, 09:51
Жаңалықтар
Балқашта вагон жөндеушінің екі аяғын пойыз басып кетті
Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр
фото: novate.ru
Балқашта вагон жөндеуші екі аяғынан айырылды. Рельсте жүрген жұмысшы қауіпсіз жерге қашып үлгермеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Patriotnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сағат 23.45-те машинист Балқаш станциясының 4-рельсінде жүрген адамды көріп, тежеуішті шұғыл басқанымен пойызды тоқтатып үлгермеген.
"Ер адам Балқаш қаласының орталық қалалық ауруханасына жеткізілді. Пойыз басып кетуінің мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - дейді Балқаш стансасы желілік полиция бөлімінің бастығы Темірлан Машрапов.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді