Мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартқан борышкер жауапқа тартылады

Azattyq Rýhy

Талғар ауданында 38 борышкерге іс қозғалды

Мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартқан борышкер жауапқа тартылады
Фото ашық дереккөзден

Алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар азаматтар мемлекет тарапынан жұмыспен қамтылады. Ал еңбектен бас тартқандар әкімшілік я қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

Биыл Талғар ауданында 38 борышкерге іс қозғалып отыр. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 58 пайызға көп.

«Заң бойынша егер 3 ай төлемесе, қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады. 2020 жылы 18, ал 2021 жылы 15 адамның ісі сотқа жіберілді. Биыл 10 іс сотта қаралып жатыр», – деді Талғар аудандық прокуратурасының аға прокуроры Махаббат Шакарова.

Әділет министрлігі бекіткен бұйрыққа сәйкес, қазір бұл санаттағы азаматтарға жергілікті жұмыспен қамту орталығы еңбек шартын ұсынады. Алимент төлеуге міндеттеліп, бірақ түрлі себеппен борышын өтей алмай жүргендер бүгін де бос орындар жәрмеңкесіне келді. Талғар ауданы бойынша 170-ке жуық жұмыс орны бос.

«Жеке басымда жұмыс жоқ болған соң. Мен төлейтін алимент мөлшері көп. Қазір жағдайым жоқ, шамам да жетпейді. Бір фирмада бос орын бар екен, хабарласамыз деді», – деді борышкер Алмас Нарымбаев.

«Біз осындай жәрмеңке өткізіп, жұмыспен қамту орталығына жібереміз. Сол жерде жұмыс беруші қажет жұмысшы орнын көрсететі. Борышкерлер лайық па, жоқ па жұмыс нәтижесі соған сай болады», – деді  Талғар ауданының аға сот орындаушысы Әлібек Рахметов.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.