Шығыс Қазақстан облысының 3 ауданында жайылымдық жер тапшы

Azattyq Rýhy

Өңірде бұрын пайдаланылмай келген 1 млн гектардан астам жер анықталды

Шығыс Қазақстан облысының 3 ауданында жайылымдық жер тапшы
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай, Бородулиха және Ұлан ауданында жайылымдық жер тапшы. Бұл туралы ШҚО Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михайлис мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2021 жылы Мемлекет басшысы қараусыз қалған жерлерді тәркілеу жайлы тапсырма берді. Жергiлiктi әкiмдiктер бос жатқан жерлердiң тiзiмiн жасады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, бұрын пайдаланылмай келген 1 миллион гектардан астам жер анықталды. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда мал жаюға қажетті жер көлемі 146 мың гектарды құрайды», - деді ол.

Надежда Михайлистің айтуынша, бүгінде Бесқарағай, Бородулиха, Ұлан аудандарында және Өскемен қаласында жайылымдық жер тапшылығы сезілуде. Бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару процедурасына бір жылға жуық уақыт кетеді.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.