Атырауда үлескерлер министрден көмек сұрады
Министрлік мәселені шешу жолдарын ұсынды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтан "Жібек жолы" және "Ақмаржан" тұрғын үй-құрылыс кооперативінің алданған пайшылары тұрғын үй мәселесін шешіп беруді өтінді. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, кездесу қорытындысы бойынша индустрия және министрлігі азаматтарға қалыптасқан жағдайды шешудің жолдары мен тетіктерін ұсынған.
"Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесін ескере отырып, инвесторларды қосымша тартып, проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау үшін уәкілетті ұйым құру ұсынылды", - делінген хабарламада.
Атырауға іссапармен барған министрдің қабылдауына көпбалалы аналар да жазылды. Олар сатып алу құқығынсыз жалдау шартымен алған пәтерлерін жекеменшікке өткізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
Министр ведомство "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлегенін айтты.
Құжатта азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері қарастырылған. Қазіргі уақытта аталған құжат парламент мәжілісінің қарауында.