$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өзбекстанның екі облысында су тасқыны болып, төрт адам қаза болды

Су тасқыны бірнеше ауданды да басып қалды

Өзбекстанның екі облысында су тасқыны болып, төрт адам қаза болды
Фото: uza.uz

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Өзбекстанның Самарқанд және Жызақ облыстарының көп бөлігінде су тасқыны болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy UZA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 сәуірде басталған нөсер жаңбырдан кейін 20 сәуірде Самарқанд пен Жызақ облыстарының бірқатар ауданында сел мен су тасқыны байқалды.

Атап айтқанда, су тасқыны Жызақ облысының Бахмал, Фориш, Ғаллаарал және Ш.Рашидов аудандарында байқалған. Алдын ала мәлімет бойынша, Фориш ауданындағы су тасқыны салдарынан 4 адам (1 ер, 3 әйел) қаза тапқан.

Министрлік хабарламасында толассыз жауған жаңбыр салдарынан Самарқанд облысының Иштихон, Булунғыр және Үргут аудандарында су тасқыны болып, М-39 халықаралық тасжолының бөліктерін су басқаны айтылады.

Қазіргі уақытта құтқарушылар төтенше жағдай салдарын жою шараларын қабылдауда.

Серіктес жаңалықтары