Президент Виктор Зайберттің жақындарына көңіл айтты

Azattyq Rýhy

Ол ең алғаш рет жылқыны Ботай қонысының тұрғындары қолға үйреткенін дәлелдеген

Президент Виктор Зайберттің жақындарына көңіл айтты

Президент көрнекті археолог ғалым, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Виктор Федорович бүкіл саналы ғұмырын археологиялық және қазба жұмыстарына, дала өркениетін зерттеуге арнады. Атбасар және Ботай мәдениеттерінің бай мұрасы туралы бірегей жаңалықтардың мәні мен маңызы, қазіргі Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету және өсіру жөніндегі құнды деректер археолог ғалымның атымен тікелей байланысты.

В.Зайберт артына құнды ғылыми мұраларын қалдырды. Ол әріптестерінің арасында зор беделге ие болды. Сондай-ақ жас ғалымдарға үлгі-өнеге көрсетті», – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Ботай мәдениетін ашқан тарихшы ғалым Виктор Зайберт дүниеден озды. Ол Солтүстік Қазақстан жерінің ежелгі тарихы жайындағы 100-ден астам монография мен ғылыми мақалалардың авторы. Ең алғаш рет жылқыны Ботай қонысының тұрғындары қолға үйреткенін дәлелдеген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.