$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекетаралық іздеуде жүрген адам Павлодарда ұсталды

Жыл басынан бері өңірде 22 қылмыскер қолға түсті

Мемлекетаралық іздеуде жүрген адам Павлодарда ұсталды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген бұзақы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласының 22 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жас жігіт Қазақстан Республикасы ҚҚ-нің 293-бабында көзделген бұзақылық қылмысы үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

«2021 жылғы 3 қазанда Тараз қаласында кафелердің бірінде бұзақылық әрекеттер жасағаны анықталды. Кейін әскерге шақырылып, Павлодарда 3 айлық жүргізушіге дайындық курсынан өтті. Жүргізуші куәлігін алғаннан кейін әскери бөлімге кетуге мәжбүр болды, бірақ үлгермеді. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Павлодар қаласының УҰИ-ге қамалды. Іздеу бастамашысына хабарланды»,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жылдың басынан бері Ертіс өңірінің жедел уәкілдері 22 қылмыстық қылмыскерді ұстады.

Серіктес жаңалықтары