20.04.2022, 09:13
Жаңалықтар
Зульфия Чиншанло Олимпиада рекордын жаңартты
Спортшы әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты
Фото: Sports.kz
Зульфия Чиншанло Қазақстан чемпионатында Олимпиада рекордын жаңартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Зүлфия Чиншанлоны Қызылордада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатында сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.
Ильин Instagram парақшасында спортшының жұлқа көтеру (95 келі) және серпе көтерудегі (128) тәсілдері туралы жазды:
«Құттықтаймыз Зульфия Чиншанло, сен аңыз-адамсың! Бүгін Зульфия Чиншанло серпе көтеруден 128 келі салмақта Олимпиада рекордын жаңартты. Ол 223 келіні бағындырып, әлемдік рейтингте 1-орынға көтерілді! #Париж2024 олимпиадасына жетіп, алтын алуыңа тілектеспін!» - деп жазды И. Ильин.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды