Бүгінгі ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Azattyq Rýhy

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгінгі ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Фото: gtrk.tv

Синоптиктер 20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде жаңбыр, республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек республиканың батыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстікте тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ, дауыл, батыста шаңды дауыл болады. Республика бойынша жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында. 

Атап айтқанда, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, найзағай кезінде жел 17-22 м/с, Алакөл аумағында 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ болады, жел 15-20 м/с соғады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болып, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с соғады, солтүстігінде, батысында күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз облыстың батысында 15-20 м/с жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.