$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.01.2020, 03:47
Жаңалықтар

«Еңбек» бағдарламасы бойынша 250 млн теңге мақсатсыз жұмсалған

Кәсіптік білім алған 700 адамның жоба талаптарына сай болмағаны анықталды

«Еңбек» бағдарламасы бойынша 250 млн теңге мақсатсыз жұмсалған
Фото: ашық дереккөзден

«Еңбек» бағдарламасы арқылы 700 адамды оқытуға кеткен 250 млн теңге мақсатсыз жұмсалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Түптеп келгенде, қайта даярлық курсынан өтіп, кәсіптік білім алғандар бұл бағдарламаға мүлдем қатыспауы тиіс болған. Яғни олар жоба талаптарына мүлдем сәйкес келмейді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында айтылды.

2017 жылдан бері бағдарламаға жалпы 1 млн 300 мың адам қатысқан. Соның тек 500 мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасқан. Жобаны іске асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 88 қылмыс тіркеген. Олардың негізгі бөлігі парақорлық, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және жымқыру фактілеріне тиесілі. Сотқа 56 қылмыстық іс жіберіліп, 28 адам сотталған.  

«Нарықта сұранысы жоқ мамандықтарды оқытып қана қоймай, тіркеліп үлгірмеген кәсіпкерлер мен салық аударымдары бойынша қарызы бар тұлғаларға да заңсыз несие берілген. Сондай-ақ мемлекеттен алған қаражатты  автокөлік пен жылжымайтын көлік сатып алу оқиғалары да жетіп артылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, енді ондай фактілерге жол берілмейді. Биылдан бастап «Еңбек» бағдарламасының тиімділігін арттыру бағытында  жаңа тетіктер іске қосылды», - дейді Nur Otan партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Омархан Өксікбаев.

Серіктес жаңалықтары