23.01.2020, 02:51
Жаңалықтар
Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті
Соңғы деректер бойынша коронавирусты 470 адам жұқтырған
Фото: ap.com
Қытайда 2019-nCoV коронавирусынан туындаған пневмониядан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі The Washington Post басылымына сілтеме жасап.
Бұл статистиканы Хубэй провинциясының денсаулық сақтау комитетінің басшысы жариялады. Оның мәліметінше, вирусты жұқтырғандар саны 470-ке, қаза тапқандар саны 17 адамға жеткен.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусқа байланысты халықаралық төтенше жағдай жариялауы мүмкін», - деп жазады басылым.
Айта кету керек, коронавирус алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында 31 желтоқсанда анықталды.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды