$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.01.2020, 01:55
Жаңалықтар

23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғады

23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, қар жауады. Сонымен қатар боран соғады, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

«23 қаңтарда Қазақстан аумағының көп бөлігіне қар жауады, батыста, солтүстік батыста, солтүстік шығыста және оңтүстікте жауын-шашын түседі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді», - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, екпіні 30 м/с-ден асып боранмен бірге соғады, кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. 

Павлодар облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с жетеді, кейде одан асып кетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

Қарағанды облысында жел түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында жел 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Серіктес жаңалықтары