$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сотталушыға мемлекет тарапынан ұсынылатын адвокаттардың кейбір ісіне 200-300 теңге төленеді - Айдын Бикебаев

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы еліміздегі адвокаттардың құқықтарына қатысты заңға бірқатар өзгерістер қажеттігін атап өтті

Сотталушыға мемлекет тарапынан ұсынылатын адвокаттардың кейбір ісіне 200-300 теңге төленеді - Айдын Бикебаев
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде сотталушыға мемлекет тарапынан ұсынылатын адвокаттардың іске қатысты алатын өтемақылары тым аз. Бұл туралы Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев ОКҚ-да өткен брифнг барысында айтты.

Айдын Бикебаев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беру барысында еліміздегі адвокаттардың құқықтарына қатысты заңға бірқатар өзгерістер қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, мұны заңнан бөлек, қорғаушылардың практикасына да да өзгерістер керек. 

«Шын мәніне келгенде адвокаттардың құқықтары біздің мемлекетте әлі күнге дейні жеткілікті емес. Біздің процессуалдық мәртебемізді прокурормен теңестіруге болмайды. Заңда тепе-теңдік болсын деп жазылған. Бірақ біздің заңға өзгерістер керек. Бұдан бөлек, бізге практиканы да өзгерту керек. Бәріне белгілі мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында жағдайы жетпейтін жандардың адвокаттарына мемлекет ақша төлейді. Біздің есебіміз бойынша адвокат бір іске 20 мың теңге алады. Кей кездері адвокаттарға 200-300 теңге де төлейтін жағдайлар болады. Бұл мәселеге қатысты Бас прокуратура мен Жоғарғы соттан қолдау алдық. Сондықтан да бұл мәселе шешіледі деген ойдамыз», - деді Айдын Бикебаев.

Серіктес жаңалықтары