Қорғаныс министрлігі Жеңіс күнінде әскери парадтың неліктен өтпейтінін түсіндірді
Биыл ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай да әскери парад өтпейді
Қорғаныс министрлігі ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадтың неліктен өтпейтініне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ведомство әскери парадты өткізу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне қарай жоспарланбайтынын атап өтті.
«Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдау, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындау басым бағыт саналады», - делінген министрлік хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі: Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді
Еске салсақ, 13 сәуір күні Қазақстанда Жеңіс күнінде әскери парадтың өтпейтіні хабарланған еді.