$ 522.63  548.66  5.07
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жоғары лауазымды қызметте отырған жастар көп – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Меморгандардың жұмысын цифрландыру бойынша кей кадр қысқартуға ұшырауы мүмкін

Жоғары лауазымды қызметте отырған жастар көп – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
pixabay.com

Өткен жылы жастар арасында Президенттік жастар кадрлық резервіне конкурс өтті. Оның ішінде 60,5 пайыз жастар жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Берік Беркімбаев олардың барлығы жоғары лауазымды қызметке тағайындалғанын айтты.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың жұмысын цифрландыру бойынша кейбір кадр қысқартуға ұшырауы мүмкін.

«Біздің агенттікке жаңа құзірет берілді. Мемлекеттік органдардың қызметіне моноторингін жасаймыз. Сонда орта деңгейдегі қызметтік басқаруда кейбір қызмет оңтайлануы, яғни қысқаруға ұшырауы мүмкін. Кейбір басқару тетіктері автоматтандырылады. Бұл мәселе бір-екі жылдың ішінде шешіледі», - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.

Серіктес жаңалықтары